АЭС салу – болашаққа қадам басу
24.09.2024«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитеттің төрағасы Қасымбек Тұрсынбайұлы Хаметов Мақтаарал аудан әкімдігіне қарасты бірқатар ауыл округі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерімен АЭС салу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Кездесу барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасымбек Тұрсынбайұлы Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Токаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орындалу барысына тоқталып, Атом электр станциясын салу бойынша алдағы 6 қазанда өтетін республикалық референдум жайлы өз көзқарасын түсіндірді. Елімізде АЭС салу елдің энергетикалық тәуелділігінен шығу үшін маңызды қадам екендігін айтып, 6 қазанда өтетін республикалық референдумда еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқанда өз таңдауларын жасауға шақырды.
Кездесуде кәсіподақ мүшелері көтеріліп отырған мәселе бойынша ойларымен бөлісіп, пікірлерімен бөлісті.