Шардара аудандық кәсіподақ ұйымының ХVII есеп беру- сайлау конференциясы өтті
23.09.2024«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облысы Шардара аудандық кәсіподақ ұйымының ХVII есеп беру- сайлау конференциясы өтті. Конференцияны Шардара аудандың ішкі саясат бөлімінің басшысы Таласов Бақытжан Амангелдіұлы ашып берді.
Конференция жұмысына 48 бастауыш ұйымнан сайланған 50 делегаттан 47 делегат қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы есепті кезеңде атқарылған жұмыстарды баяндады. Қаржы қызметі туралы аудандық комитеттің тексеру комиссиясының төрайымы Қалдыбекова Ақмарал баяндады.
Конференция делегаттары бандаманы талқылай келе, баяндамада айтылмаған қаншама атқарылған жұмыстар барын айтып, «қанағаттанарлық» деп бағалады.
Конференцияға арнайы қатысқан «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымның төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы кәсіподақтардың облыста, республикада атқарылып жатқан жұмыстарынан мәлімет берді.
Конференцияда аудандық кәсіподақ жаңа құрамы, тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Жаңа мерзімге аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы болып бірауыздан Биманова Бақыткүл Құрмантайқызы қайта сайланды.
Жаңа мерзімде жаңа белестерді бағындыра беріңіздер,- деп тілек білдіреміз!