Шымкентте Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
23.09.2024Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шымкент қаласының Әділет департаментінде өтті.
Отырысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, Ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Қанат Керімханұлы Қадырбеков жүргізіп отырды.
Отырысқа Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі ретінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысты.
Күн тәртібінде «Шымкент қаласының Әділет департаментімен «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметін көрсету барысындағы туындаған мәселесі» қаралды.
Қаралған мәселе бойынша тиісті мекемелерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша шешімдер қабылданды.