Мереке қарсаңында жұмысшыларға марапаттар табысталды

Мереке қарсаңында жұмысшыларға марапаттар табысталды

23.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекеменің жаңадан тағайындалған басшысы Олжас Сайымқұловты жаңа қызметімен құттықтаудан бастап, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Ермекбаевпен бірге ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.

Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеме жұмысшыларын алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, мекеменің жұмысшысы Айтбек Оразалы Әмзеұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің жұмысшы шебері Балабаев Ерболат Абсаматұлы «Құрмет Грамотасымен», сондай-ақ мекеменің жұмысшысы Абуев Ахан Сабитұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Кездесу соңында мекеменің басшысы Олжас Тастанбекұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын айтып, алдағы істеріне сәттілік тіледі.