Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

23.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Усенбаев орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.

Кездесу қорытындысымен өткізілген жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеменің қызметкерлерін алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, ұжым мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, орталықтың еңбек терапия жөніндегі нұсқаушы Рустамов Аднабек Тіллабекұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің моншашысы Әлімқұлова Назира Өмірбекқызы «Құрмет Грамотасымен» және қойма меңгерушісі Батракова Бахыт Сейсенбайқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында орталық директорының орынбасары Эльмира Байболова «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.