Мереке қарсаңында жұмыскерлер марапатталды

Мереке қарсаңында жұмыскерлер марапатталды

23.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Есбол Тәженов ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.
Жиын қорытындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеме жұмыскерлерін алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, жұмыскерлердің еңбегін елеп, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, мекеменің жұмысшылары Исатаев Дилмурад Ауезханұлы және Тұрсынов Тохтар Пернеханұлы «Еңбек озаты» төс белгілерімен, бөлім басшылары Сүлейменова Шолпан Нұрдұллақызы және Бектұрғанов Нұрлан Балтабайұлы «Құрмет Грамоталарымен», сондай-ақ бөлім басшылары Итен Нұрсұлтан Серікұлы және Ақбанов Асан Нұргазыұлы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Кездесу соңында мекеме басшысының орынбасары Есбол Тәженов «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын айтып, алдағы істеріне сәттілік тіледі.