Мереке қарсаңында балабақша тәрбиешілері марапатталды

Мереке қарсаңында балабақша тәрбиешілері марапатталды

19.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – «Ырыс-7» бөбекжай-балабақшасында тәрбиешілермен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесудің соңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мекеме қызметкерлерін алда келе жатқан «27 қыркүйек – Тәрбиешілер күні» және «10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекелерімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады. Атап айтқанда, балабақшаның меңгеруші-әдіскері Әріпбай Бағлан Өскембайқызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, тәрбиешілері Абдуали Аяулым Мирзақасымқызы «Құрмет Грамотасымен» және Құдайбергенова Динара Қайратқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.