Созақ  аудандық  кәсіподақ  ұйымының  ХVII есеп беру- сайлау конференциясы өтті

Созақ аудандық кәсіподақ ұйымының ХVII есеп беру- сайлау конференциясы өтті

18.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облысы Созақ аудандық кәсіподақ ұйымының ХVII есеп беру- сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына 30 бастауыш ұйымнан сайланған 30 делегаттың 27 қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқаров Мыңжасар Асқарұлы есепті кезеңде атқарылған жұмыстарды, жіберілген кемшіліктерді талдап, баяндап берді. Жиынды пайдала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталып, АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтетінін және қолдау керектігін түсіндіріп өтті.

Жиынға арнайы қатысқан «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымның төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы кәсіподақтардың облыста, республикада атқарылып жатқан жұмыстарынан мәлімет берді.

Конференцияда аудандық кәсіподақ жаңа құрамы, тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Жаңа мерзімге аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Асқаров Мыңжасар Асқарұлы бірауыздан қайта сайланды. Жаңа мерзімде жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!