Мұғалжар ауданы әкімдігімен меморандумға қол қойылды

Мұғалжар ауданы әкімдігімен меморандумға қол қойылды

16.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аудандық кәсіподақ комитетінің конференциясы аясында екі тарап бұдан әрі де тең серіктестік нотасында жұмыс жасауды жалғастыратындықтарын білдірді.
Мұғалжар ауданы облыстық филиалдың белсенді әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, аудан басшылығы облыстық филиалдың бастамаларын әрдайым қолдап, жан-жақты көмек көрсетіп келеді.
Кәсіподақ ұйымының негізгі міндеттерінің бірі өз мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы, әлеуметтік қамсыздандырылуы болса, бұл міндеттер аудан әкімдігі тарапынан тұрақты әрі толық негізде қамтамасыз етілуде.
Жаңа меморандум аясында аталған міндеттер жаңа кезеңге қадам басып, кәсіподақ мүшелерінің жағдайын жақсарту бағытында бірлескен шаралар өткізуге, шешімдер қабылдауға өз септігін тигізбек.