Кеңес отырысында келелі мәселелер талқыланды
16.09.2024«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы және «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға кеңестің мүшесі «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов, Шымкент қаласы бойынша Халықтық штабтың мүшесі қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, штаб жетекшісінің орынбасары Ербол Байқонысов, штаб мүшесі, кеңес мүшесі Б.Есимова және кеңес мүшелері, партия қызметкерлері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Халықтық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, Қазақстанда АЭС салу туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысында өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға бекітілген тармақтарының іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының 8 айында орындалуы туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаеваның есебі тыңдалды.