«Кәсіподақтар күні» мерекесі қарсаңындағы жастармен кездесу

«Кәсіподақтар күні» мерекесі қарсаңындағы жастармен кездесу

16.09.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.


Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, қорытынды жиында жастар орталығының қызметкерлерін алда келе жатқан 10 қазан – «Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, мекеменің бірқатар белсенді қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, мекеменің тазалаушысы Темірбекова Салтанат Ниязбекқызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, бас есепшісі Тұрлыбекова Шолпан Мұратқызы «Құрмет Грамотасымен» және бөлім басшысы Қыпшақбаев Рауан Мухитұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.