Марапаттар табысталды!
29.08.2024Үстіміздегі жылы «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Орталық кеңесінде кәсіподақ қозғалысын нығайтуға және дамытуға, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға, ҚР экономикалық және әлеуметтік саясатын қалыптастырумен қатар іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ сіңірген еңбегін тану мен көтермелеудің жоғары нысаны ретінде қосымша наградалар бекітілген болатын.
Салалық кәсіподақтың Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы Орталық комитеттің қолдауымен кәсіподақ мүшелері: «Жетісу облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрлан Қайдарұлы Жамаубаевты «Өз ісінің маманы», Жетісу облысы, Панфилов ауданы мәслихатының төрағасы, VIII шақырылым депутаты Ерғали Отарғалиұлы Шоқпаровты «Елеулі еңбегі үшін» медальдарымен марапаттады.