Кәсіподақ мүшелерімен кездесу
28.08.20242024 жылдың 28 тамыз күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Тасқала ауданына іс сапарға шығып, Тасқала ауданының әкімі Т.Шакировпен, аудандық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақтар қозғалысы қызметкерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуына, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ететініне, кез-келген кәсіподақтың күш-қуаты, оның бастауыш ұйымдарының қандай болуына, әрбір қызметкердің құқықтары мен мүдделерін тиімді де белсенді түрде қорғалуын қамтамасыз етуіне тікелей байланысты екеніне, кәсіподақ ұйымының жетекшілері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап келетініне тоқталып, облыстық кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқығын қорғауда, олардың денсаулығын жақсартуда, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуында жұмыстар жүргізіліп отырғанын айта отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарына, кәсіподақ мүшелеріне жақсы жетістіктер тілеп, ұзақ жыл Ақжайық аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған, күні бүгіні Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, кәсіподақ мүшесі Р.Рахметуллинге кәсіподақ ұйымдарын құруға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға, белсене қатысқаны үшін «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен марапаттады.
Жиналыс соңында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен аудандық кәсіподақ ұйымының мүшелеріне, аудандық атқару комитетінің мүшелеріне жақсы жетістіктер тіледі.