8 наурыз Халықаралық әйелдер күні облыстық филиалдарда
11.03.2019«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ жұмыс жоспарына сәйкес барлық облыстық филиалдарда және жергілікті кәсіподақтарда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Аталған іс-шараның мақсаты-кәсіподақ мүшелерінің ерекше көзге түскен әйелдерін атап өту, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне құрмет көрсету.
Облыстық филиалдармен, Астана және Алматы қалаларының қалалық филиалдарымен, Семей аумақтық және Жезқазған аймақтық филиалдарымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіподақ мүшелеріне, көп балалы және жалғыз басты аналарға құттықтау сыйлықтары, гүлдер, сыйлықтар, материалдық көмек берілді, салтанатты, қайырымдылық іс-шаралар, конференциялар, концерттер, конкурстар және т.б. өткізілді. Мерекеге арналған дастархан жайылды.
Салтанатты іс-шараларда кәсіподақ ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді, оларға гүлдер, бағалы сыйлықтар және материалдық көмек берілді, кәсіподақ активтеріне қызметтік, отбасылық өмірде, лайықты ұрпақты тәрбиелеуде ерекше көзге түскен.
Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар «Қазақстан Кәсіподағы» газетінде, әлеуметтік желілер (фейсбук, инстаграм) беттерінде және облыстық филиалдардың сайттарында жарияланды.