«Мектепке жол» акциясы өткізілді!
26.08.2024Бүгін түске дейін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараға облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев және мұқтаж отбасы ата – аналары қатысты. Шара барысында облыстық филиалының Төрағасы Аллаберген Қонарбаев мұқтаж отбасыларға оқу құралдары бар сумкалар мен «Али» шаруа қожалығының тікелей қолдауымен қауын қарбыздарды табыс етті. Ата аналар аталмыш шараға қатты риза болып өз алғыстарын білдірді. Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.