Ақшұқыр ауылында кездесу өткізілді

Ақшұқыр ауылында кездесу өткізілді

16.08.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін түске дейін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылы әкімдігінің мәжіліс залында ауыл әкімдігі ұжымы мен осы ауылдағы коммуналдық қызмет мекемесі ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесуді облыстық филиалының Төрағасы Аллаберген Қонарбаев ашып, жүргізді.

Кездесуге салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен төрағаның орынбасары, бас есепшісі Несип Тюлендиева және төраға кеңесшісі, кәсіподақтың белсендісі Нұрым Сейлханов арнайы қатысты. Аталмыш жиын барысында филиал төрағасы Аллаберген Әзірбайжанұлы Қызмет Салалық Кәсіподағы бүгінгі таңдағы қызметі, кәсіподақтың тиімді тұстары сонымен қатар заңнамалық актілеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Несип Тюлендиева мен Нұрым Сейлханов қаржылық және тиімді тұстары туралы жан жақты әңгіме өрбітті. Жиын соңында кәсіподаққа қатысты өзекті деген жұмысшылар өз сауалдарын қойып тұщымды да тамаша жауаптарын алды. Осындай шаралар алдағы уақытта басқа да аудандарда өз мекемелерде өз жалғасын табатын болады.