Көлік қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті!

Көлік қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті!

05.08.2024 Off By Администрация сайта


Парламентінің «МТҚБ автошаруашылығы» ШЖҚ РМК бастауыш кәсіподақ ұйымында көлік қызметкерлері күніне орай салтанатты жиналыс өтті.

Оған Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов қатысты.

Құттықтау сөзімен кәсіпорын директоры Нұржан Мыңжасаров, МТҚБ басшысының орынбасары Сергей Компаниец, сөз сөйледі.

Кәсіпорын 1998 жылы Үкіметтің қаулысымен құрылды және осы уақыт ішінде ел өміріндегі барлық тарихи оқиғалардың сенімді серігі болды. Осы жылдар ішінде Автошаруашылық жүздеген елдік және халықаралық іс-шараларға, мыңнан астам ірі делегацияларға қызмет көрсетті.

«Құрметті қонақтар ел туралы алғашқы әсерді қарсы келе жатқан көліктен, қызмет көрсету сапасынан, жүргізушінің мәдениеті мен кәсібилігінен қалыптастырады. Ал біздің ұжым алға қойылған міндеттерді абыроймен орындайды. Біздің арамызда автошаруашылық құрылған күннен бастап жұмыс істейтін қызметкерлер бар, саланы дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді», – деп атап өтті Нұржан Мыңжасаров.

Сондай – ақ, Атақозы Нұрланов Лидер елордалық филиалының  қызметкерлерін құттықтады: «Сіздің жұмысыңыз-күнделікті ауыр қызмет, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілік. Біз сізге адал еңбек, кәсіби шеберлік және сенімділік үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, табысты және тұрақты жұмыс, қауіпсіз жол және сәттілік тілейміз».

Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар қызметкерлерге медальдар, төсбелгілер, сондай-ақ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді. Елордалық филиалдан және бастауыш кәсіподақ ұйымынан кәсіподақ мүшелеріне санаторий-курорттық емделуге 25% жеңілдікпен сертификаттар табысталды.

Жалпы, бұл күні кәсіпорынның 70-тен астам қызметкері марапаттарға ие болды. Мерекелік жиын кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің кәсіби үлесінің маңыздылығын атап өтіп, маңызды оқиғаға айналды.