Арал ауданының мемлекеттік қызметшілері марапатталды

Арал ауданының мемлекеттік қызметшілері марапатталды

29.07.2024 Off By Администрация сайта

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер арасында өткен  жиында  аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен аудандық мәслихаттың ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлнар Қыдырбаевны  марапаттады.

Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Гүлнар Қуанышқызы еңбек жолын 1993 жылы аудандық экономика комитетінде экономист болып бастап, кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімінде, жәрдемақы төлеу орталығында, ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған. Ал 2005 жылы аудандық мәслихат аппаратына бас маман болып ауысып, 2017 жылдан бастап бөлім басшысы лауазымын атқарып келеді.  Жалпы  еңбек өтілі әрі мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 31 жыл болса, оның ішінде 19 жыл Арал ауданының мәслихат аппаратында адал еңбек етіп, мемлекеттік қызметтің дамуына өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар  осы ұйымда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қоғамдық деңгейде жұмыс атқаруда. Әріптестерінің  құрметіне ие болған білікті де білімді маман.

Марапатыңыз құтты болсын, Гүлнар Қуанышқызы!