«Еңбек мобильді орталығының  ашылғанына  бір жыл толуына  орай  белсенді  кәсіподақ  мүшелері марапатталды

«Еңбек мобильді орталығының ашылғанына бір жыл толуына орай белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

31.07.2024 Off By Администрация сайта

Өткен жылы елімізде 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай жұмыспен қамту орталықтарының орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылды.Өңірімізде   орталықтың  13 филиалдары  «Мансап орталығы» деген атаумен  Еңбек мобильдігі орталығына бірігеді. Орталықтарда  258 кәсіподақ мүшесі қызмет етеді. Олар «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңы негізінде жұмыс істейді.

«Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын  сәтті  жүзеге асыруда.
Ақтөбеде өткен салтанатты іс шарада «Қызмет»  салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық  филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова  Еңбек мобильді орталығының  басшысы  Алтынай Махановаға сенімді  әлеуметтік әріптес ретінде Алғысын білдіріп,  ұжымның  бір топ белсенді  қызметкерлеріне алғыс хаттар  табыс етті.