Жаңақорған ауданының мемлекеттік қызметшілері марапатталды

Жаңақорған ауданының мемлекеттік қызметшілері марапатталды

25.06.2024 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік   қызметтің   мәртебесін   көтеру мақсатында 23 маусым – елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып 1998 жылы бекітілді. Содан бері тәуелсіз елдің күнтізбесіндегі айтулы мерекені атап өту дәстүрге айналып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандар марапатталып келеді.

Мереке қарсаңында Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Шалқия кенті әкімі аппаратының бас маманы Еркінбек Болғанбаевты  марапаттады. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.