Сырдария ауданында мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні аталып өтілді

Сырдария ауданында мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні аталып өтілді

26.06.2024 Off By Администрация сайта

Сырдария ауданында Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні кәсіби мерекелеріне орай салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шара басталмас бұрын аудан басшысы халық қалаулыларымен бірге полиция аға лейтенанты, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, еске алу рәсіміне қатысты.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Берік Сәрменбаев  халыққа қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен ел тыныштығын сақтап жүрген тәртіп сақшыларының еңбектеріне тоқталды. Кәсіби мерекеде «Қызмет» мемлекеттік және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық облыстық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бақытжан Абибуллаев марапатталды. Сонымен қатар ауданның дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық тыныштықты сақтап жүрген тәртіп сақшылары облыс, аудан әкімінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облыстық департаментінің, облыстық полиция департаментінің «Алғыс хатымен»  марапатталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.