Шиеліде мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Шиеліде мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

24.06.2024 Off By Администрация сайта

21 маусым күні Қызылорда облысы Шиелі аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін, олардың адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне де ерекше мән берілетіндігін атап өтіп мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлеріне марапаттарды табыстады. 

Салтанытты құттықтау шарасында Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі Кажданбек Маматов «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту және әкімшілік секторының меңгерушісі Айымжан Қожаева «Қызмет» салалық кәсіподағының құрмет грамотасымен марапатталды.

Салтанатты шара мемлекеттік қызметте жүрген өнерлі жандар ұйымдастырған концерттік қойылымға ұласты.