Мемлекеттік қызметтің майталмандары марапатталды!

Мемлекеттік қызметтің майталмандары марапатталды!

22.06.2024 Off By Администрация сайта

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күні кәсіби мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүрге сай «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен үздік кәсіподақ мүшелерін марапаттау шарасы өтті.
Күн демей, түн демей, аптап ыстықта да, топан суда да, қарлы боранда да, нөсер жаңбырда да мемлекет тарапынан жүктелген ауыр міндеттерін мүлтіксіз орындап, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қызмет етіп жүрген әріптестеріміз бүгін ерекше ықыласқа бөленіп, өздерінің төл мерекесінде түрлі марапаттарға ие болды.
Ешкім марапат үшін қызмет етпейді, дегенмен де еңбегің еленіп, адал қызметің үшін алғыс алу үлкен мәртебе. Бүгін атқаратын лауазымдарына қарамастан, маманнан бастап басшылық құрамдағы мемлекеттік қызметшілер салалық кәсіподақ марапттарынан құр қалмады.

Бірқатар әріптесіміз «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық комитетінің «Кәсіподақ қайраткері», құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталса, облыстық филиал өз кезегінде «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін», «Еңбек озаты» төсбелгілерін табыстап, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.


Шараға қатысқан аға буын мемлекеттік қызметшілер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестеріне ақжарма тілектерін білдіріп, жас мамандарға қызметтеріне табыс тіледі.
«Қызмет» салалық кәсіподағы барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, қызметтеріне табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, құт-береке тілейміз.