Павлодар жергілікті кәсіподағының төрағасы мен «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің әдеп жөніндегі кездесу
05.03.2019Ағымдағы жылғы 5 наурызда Шарбақты, Успен аудандары әкімдігінде «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы Нұрлан Қабыкенұлы Әутәліпов пен «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің әдеп жөніндегі Уәкілі Юрий Викторович Фельдман кездесу өткізді.
Юрий Викторович 2018 жылғы жұмыстардың қорытындылары туралы және «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБмен бірлесіп атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Нұрлан Қабікенұлы 2018 жылғы «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқарған жұмыстары жайында және облыс әкімдігімен жасалынған Келісімді, облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілімен жасалынған Меморандумды, «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ-мен жасалынған келісімді іске асыру барысы туралы айтып өтті.
Кездесуге Шарбақты ауданының әкімі А.К. Әбеуов, Успен ауданы әкімінің міндетін атқарушы Х.А. Әбушахманов, мемлекеттік органдардың басшылары, және дербес бөлімдердің өкілдері қатысты