Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

25.06.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін түске дейін Ақтаудағы Достық үйінде 23 маусым Мемлекеттік Қызметшілердің және полиция қызметкерлері күні мерекесіне орай «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ зор абырой» атты салтанатты шара өткізілді. Шараны «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастырды.

Шараны облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев ашып, жүргізді. Шара барысында жас қызметшілерге өлкенің мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар қызмет жасаған, ел ардағы, еңбек ардагері Нуфтолла Каржаубаев және облыстың мәдениет саласында және мемлекеттік саласында ұзақ жылдар абыройлы жұмыс істеген Серік Еңсегенов ақ жол тілеп, жылы лебізін арнады. Ел болашағының жарқын болуына атсалысып жүрген мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, халықтың сенімін күшейтуге тырысып жүрген сала қызметкерлері Светлана Алибекова мен Almagul Kudaibergenova салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Хабиұлы атынан Құрмет грамотасы пен Алғыс хатқа ие болды. Шара аясында 30 ға жуық мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері облыстық салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаевтан Алғыс хат алды.

Нуфтолла Қаржаубаев , зейнеткер:

  • Бейбіт бәсекеде жұлдызы жарқыраған кез-келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Өйткені, мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан да, барлық мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектерінің жемісін көріп, биік шыңдарды бағындыра берсін демекпін.
    Алмагүл Мұратқызы , жас мемлекеттік қызметкер:
  • Мен ең алдымен елдің абыройын асқақтатып, халықтың алдындағы қыз-метімді, межелі міндетімді бірінші орынға қойдым. Өйткені халықтан биік еш нәрсе жоқ. Мемлекеттік қызметтің өз жүгі, өзі биігі бар. Сол жүкті бар ыждаһатыммен арқалап, ел ертеңі үшін еселі еңбек етіп, Президенттің салиқалы саясатын әрі қарай қолдап, қуаттасам маған одан артық ештеңе қажет емес. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Құрметпен : Маңғыстау облыстық филиалы