Спартакиаданың шахмат спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың шахмат спорт түрінен жарыс өтті

24.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың шахмат түрінен ұлдар және қыздар арасында жарыс өткізіліп, рапид түрінен әр ойыншыға 15 минут + 10 секунд уақыт беру тәртібімен жүргізілген.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан екі команда «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған жалпы 40000 теңгенің сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.

Атап айтқанда:
Ұлдар арасында шахматтан өткен жарыста І-орынды Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.
Қыздар арасында шахматтан өткен жарыста І-орынды Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасы иеленіп, оған 20000 теңге сыйақы табысталды.