Спартакиаданың үстел теннисінен жарыс өтті

Спартакиаданың үстел теннисінен жарыс өтті

24.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың үстел теннисі түрінен ұлдар және қыздар арасында жарыс өткізіліп, жарыстар үстел теннисінің «Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерацияы» ҚБ және (ITTF) ережелерінің қолданыстағы қағидалары бойынша жүргізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан екі команда «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған жалпы 20000 теңгенің сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.

Атап айтқанда:
Ұлдар және қыздар арасында үстел теннисінен өткен жарыста І-орынды Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы командасы иеленіп, оған 10000 теңгеден жалпы 20000 теңге сыйақы табысталды.
Жеңістері құтты болсын!