Спартакиаданың шағын футбол спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың шағын футбол спорт түрінен жарыс өтті

22.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың шағын футбол түрінен жарыс өткізіліп, 4 топқа бөлінген 18 команда қатысты.
Ереже бойынша шағын футбол командасының құрамында 12 ер адам, оның 6-уы ойын алаңында, ал 6-уы қосалқы болып, жарыстар жасанды алаңдарда өтті. Ал, алаңда тікелей 5 ойыншы және 1 қақпашы ойын ойнап, кездесудің ұзақтығы – 10 минуттан 2 тайм, 5 минут үзіліспен, ал 1 – 3 орын үшін ақтық ойындардың ұзақтығы 2 таймнан, 15 минуттан және 5 минут үзіліс жасау тәртібімен шағын футболдың қолданыстағы FIFA қағидалары бойынша өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген үш команда «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған жалпы 180000 теңгенің сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.

Атап айтқанда:
І-орынды Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаменті мен Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінен құралған «Қаржыгерлер» командасы иеленіп, оған 80000 теңге сыйақы табысталды.
ІІ-орынды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуанышбек Жұмабекұлы жетекшілік жасайтын басқармалар құрама командасы иеленіп, оған 60000 теңге сыйақы табысталды.
ІІІ-орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек жетекшілік жасайтын «Жалын» командасы иеленіп, оған 40000 теңге сыйақы табысталды.
Жеңістері құтты болсын!