Спартакиаданың гір тасын көтеру спорт түрінен жарыс өтті

Спартакиаданың гір тасын көтеру спорт түрінен жарыс өтті

25.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиадасының аясында спорттың гір тасын көтеру түрінен жарыс өткізіліп, командалар палуандары қатысты.

Команда құрамында 3 спортшыдан: 78 кг, 85 кг, +85 кг салмақ санаттары бойынша қатысты. Жарыста 24 кг және 16 кг гірлерді қос қолдап көтеру жарыс ережесіне сәйкес өткізілді.
Нәтижесі бойынша жеңіс тұғырынан көрінген Тұран аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің командасы «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағайындаған 30000 теңге сыйақысына ие болып, оны филиал төрағасы С.Әуесханов табыстады.
Жеңіс құтты болсын!