«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері отбасымен көңілді және спорттық уақыт өткізді

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері отбасымен көңілді және спорттық уақыт өткізді

24.06.2024 Off By Администрация сайта

ҚР Мемлекеттік қызметшісі күні мен сүйікті елорда күні қарсаңында «Қызмет» Салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі Астана қаласы бойынша филиалымен бірлесіп, 2024 жылғы 22 маусымда Астана Триатлон паркінде «Отбасыңызбен көңілді және спорттық түрде уақыт өткізіңіз!» спорттық-бұқаралық іс-шарасын өткізді. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және спортты танымал ету.

Іс-шара Астана қаласы әкімінің, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Астана қаласы Триатлон федерациясының қолдауымен өтті. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын барлық қаржыны «Қызмет» салалық кәсіподағы мен елордалық филиал толығымен өз мойнына алды.

Оған «Қызмет» кәсіподағының мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 300-ден астам адам қатысты.

Салтанатты ашылу барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің атынан Мемлекеттік бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Абзал Меңдібаев сөз сөйледі.

Іс-шара бағдарламасына 2.5 шақырымдық жеңіл атлетикалық жүгіру, балаларға арналған анимациялық шоу, спорттық баттл, лотерея ұтысы және шай ішу кірді.

Ерлер арасында жеңіл атлетикалық жүгіру жарысында  жүйрік келген Розматов Шүкіржан («Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» БКҰ), Шайзанда Ерғажы («Жанұя» БКҰ, отбасы мүшесі), Бегеш Диас («Азаматтарға арналған  КЕАҚ», отбасы мүшесі) болды.

Әйелдер арасында: Мұздыбекова Майра ( «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «БКҰ), Мақажанова Жансұлу («ҚР Президенті Әкімшілігі және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ), Темірова Айсұлу («ҚР Ұлттық мұрағаты» БКҰ) жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, Алмағамбет Дайрабаев («Болашақ» БКҰ), Бақытжан Әсет («SERPIN» БКҰ, отбасы мүшесі), Алдияр Өтаев («Болашақ» БКҰ, отбасы мүшесі) марапатталды.

Балалар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Тимбилдинг барысында бірнеше команда құрылып, олардың әрқайсысы жарыс барысында түрлі сынақтар мен байқаулардан өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, тиісті дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Шараға қатысушылар өз кезегінде «Қызмет» салалық кәсіподақ орталық кеңесіне және «Қызмет» салалық кәсіподақ Астана қаласындағы филиалына тамаша спорт мерекесі, керемет эмоциялар мен жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыстарын білдірді!