Елордалық кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі атап өтілді

Елордалық кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі атап өтілді

21.06.2024 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов пен елордалық филиал төрағасы Атақозы Нұрланов Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркеновпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар елорданың мемлекеттік мекемелеріндегі мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша филиалдың құрамында 3200-ден астам кәсіподақ мүшелері бар, олардың ішінде 540 адам – мемлекеттік қызметшілер, 2660 – азаматтық қызметшілер және түрлі ұйымдардың қызметкерлері.

Салалық кәсіподақ көшбасшысы елордалық мекемелердің кәсіби ұйымдарының белсенді жұмысын атап өтіп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт артатынын жеткізді. Мирболат Жақыпов осы қызметке бағытталған бірлескен күш-жігер еңбек қатынастарын үйлестіруге, қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға және еңбек ұжымдарында қолайлы жағдай жасауға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында Мирболат Жақыпов елордалық кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Нұрлан Нұркеновті «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің үздігі» медалімен марапаттады.