Ең үздік әлеуметтік қызметкер сайысы

Ең үздік әлеуметтік қызметкер сайысы

21.06.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың 20 маусым күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орал қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Алтын орда мәдениет үйінде «Ең үздік әлеуметтік қызметкер» сайысы өтті.
Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру, маңыздылығн арттыру, шығармашылық әлеуметін ашу, жас мамандарға тәжірибе беру мақсатында ұйымдастырылған шараға 7 әлеуметтік қызметкер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1) өзін – өзі таныстыру, 2) Өз өнерін көрсету, 3) Психологиялық көмек, 4) Үй тапсырмасы, 5) Сұрақ – жауап.
Сайыс өте тартысты өтті, әлеуметтік қызметкерлер өз өнерлері арқылы қызметтің қиыны мен қызығын қатар жеткізіп, өздерінің дайындық деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар гран при, І орын, ІІ орын, ІІІ орын номинациялар бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан марапатталды.
Сондай – ақ шара барысында кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны, адал еңбегі, жоғары кәсібилігімен өз лауазымын орындап жүрген кәсіподақ мүшелері «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.