Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

20.06.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылы 19 маусым күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Кеңестің отырысында Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Бөкейордасы және Бөрлі аудандарының әкімдіктерінде жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша қабылданған шаралар жөнінде аудандарының әкімдері есептерін берді.

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарын алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерімен меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру және қызметтiк автокөлікті қызметтiк емес мақсаттарда пайдаланбау жөніндегі шектеуді сақтау мәселелеріне жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.
Сондай-ақ, облыстық жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселесіне қатысты, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге жағымсыз жарияланымдар мәселесі бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Р.Хайруллинаның есебі тыңдалды.
Соған қоса, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік іс материалдар қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаларды қолдану туралы шешім қабылданды.