23  маусым – Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшілер  күні!

23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күні!

20.06.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымның төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы Мақтаарал аудандық мемлекеттік қызметшілерді 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, «Қызмет» Салалық комитеттің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың құттықтауын жеткізіп, марапаттарын тапсырды.


Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің мүддесін қорғау. Мемлекеттік қызметші атану – адамның кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Және ең бастысы, өзгелерге үлгі бола білуі қажет.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, азаматтармен қарым- қатынаста әдептілік таныту сияқты көркем мінездер тән. Әдепсіздік танытып, бейәдеп мінез-құлық көрсету жат қылық болып саналады.

Қызметтік қарым-қатынастада әріптестерінің ар-намысы мен қадір- қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс,- деді кәсіподақ басшысы.
Мерекелеріңіз құтты болсын!!!