Кәсіподақтың негізі – бастауыш ұйым!
07.06.2024Кезекті кездесу «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Хаметов Қасымбек Тұрсынбайұлы Иіржар, Жамбыл, бірлік, Жаңажол ауыл округі әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен жалғасты.
Кездесуде еліміздің қоғамдық-саяси дамуының қәзіргі жағдайында Қазақстандағы кәсіподақтардың қызметі жайлы, 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөнінде атқарылған және атқарылатын жұмыстары жайында баяндады. Сондай-ақ кәсіподақтардың күн тәртібінен түспейтін мәселелерінің бірі –еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бақылауды жүзеге асыру түсіндірілді.
Жиын соңы әдеттегідей қатысушылардың сұрақ – жауаптарға ұласты.