Қаланың 155 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс шара
31.05.2024Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы, Кәсіподақтар орталығының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова мен комиссия мүшелері қатысты. Комиссия мүшелері Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде «Шежірелі аймақтың айнасы Ақтөбеге-155 жыл» атты диалог алаңының қонақтары болып, ұжым мүшелерімен өзара пікір алысты.
Алдымен Шаһар шежіресіне арналған «Ақтөбе тарихи орда, арайлы қала» атты фото көрмемен танысты. Облыстық архив директорының орынбасары Светлана Книжник пен архивтің кәсіподақ ұйымының төрайымы, еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі Айгүл Алдамжарова архивтың тыныс тірлігімен таныстырды. Кездесу барысында «Архив-ел тарихының шежіресі» атты бейнеролик пен облыстық мемлекеттік архив қорында сақталған ескі фотосуреттер негізінде дайындалған «Шежірелі аймақтың айнасы Ақтөбеге-155 жыл» атты бейне слайд көрсетілді.
Кездесу барысында Кәсіподақтар орталығының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова комиссияның бағыт –бағдарын айтып,жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау саласындағы мәселелер туралы пікір алысты.