Облыстық филиалға жаңа төраға

Облыстық филиалға жаңа төраға

29.05.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік қызмет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы қызметіне Қонарбаев Аллаберген Әзірбайжанұлы сайланды. Ол 1984 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келді. 2000 жылы Шетпе ауылындағы Б.Жұмалиев атындағы орта мектепті үздік бітірді. 2000 – 2005 жылдары Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының техникалық құқықтық – сарапшы мамандығын тәмамдаған. Кейін 2012-2014 жылдары Маңғыстау гуманитарлы – техникалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім мамандығында оқыған.
Ол әр жылдары 2000 – 2008 жылдар аралығында облыстық «Қазақстан Ақтау» телеарнасында редакторы тілші, әр жылдары МО ауыл шаруашылығы басқармасында және облыстық дін істер басқармасында ақпарат бөлімінде, «Маңғыстау техникалық колледжі» МҚК директорының орынбасары, «Маңғыстау ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, Маңғыстау аудандық» Жас Отан» Жастар қанаты төрағасы, кейін» Ауыл» партиясының облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихаттының аграрлы сала, кәсіпкердік, және жер қатынастары, қоршаған ортаны пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихатының 8 шақырылым депутаты, Ақтау қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі болды.
2013 жылдан А.Қонарбаевтың «Жауқазын жырлар», «Мәртебелі поэзия», «Көк күмбез», «Қызғыш құс» және тағы басқа шығармалары ғылыми – танымдық, әдеби жинақтарға енген. 2022 жылы «Қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы» атты кітабы, «Сәулетші Әбіш Кенжебаев» атты кітабы, «Әулеттің шамын жаққан әке» атты кітаптары жарық көрді. Ол Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен бірнеше рет және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қызметіне табыс тілейміз.