Мемлекеттік қызмет саласы ардагері
29.05.2024Бүгін түстен кейін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қызмет» мемлекеттік қызмет және банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының бастамасымен өлкенің мемлекеттік қызмет саласында қызмет етіп, өлкенің дамуына зор үлес қосқан еңбек ардагерлердің отбасындағы немерелерін құттықтау шарасы бастау алды.
Бүгінгі мемлекеттік қызмет саласы ардагері, өмірдің барлық сара жолын өлке дамуына зор үлес қосқан еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында жауапты қызметтер атқарған Нуфтолла Каржаубаев аға мен Серік Еңсегенов ағаның шаңырағына арнайы құттықтап барды. Шарада облыстық филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен облыстық филиалдың атқару комитетінің мүшелері қатысты. Төраға еңбек ардагеріне зор денсаулық пен мол бақыт, отбасы амандығын тілеп, немере шөберелеріне облыстық филиалы атынан сыйлықтар мен Алғыс хатын табыстады.