Қалың  қалай, бастауыш ұйым!

Қалың қалай, бастауыш ұйым!

30.05.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитеттің төрағасы Қасымбек Тұрсынбайұлы Хаметов «Қалың қалай, бастауыш ұйым!» акциясы аясында Мақтаарал аудандық кәсіподақ ұйымына қарасты мекемелерде кездесулер ұйымдастыруда. Бүгін Еңбекші, Жамбыл ауыл округі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерімен оқу- жиын өткізді.

Кездесу барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасымбек Тұрсынбайұлы еңбек қатынастарын реттеу, еңбек шарты, ұжымдық шарт, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіподақ мүшелерінің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері туралы айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Токаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тапсырмасының орындалу барысына тоқталып, Адал азамат қандай болуға тиіс?- деген өзекті сұраққа өз көзқарастарын білдірді.

Жиында кәсіподақ мүшелері жаңалықтармен бөлісіп, атқарылып жатқан жұмыстардан мәлімет беріп, пікірлерін айтты.