Спорт денсаулық кепілі!
28.05.2024Алматы қаласы бойынша “Қызмет” салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің филиалы өз құрамындағы мүшелік ұйымдардан келетін ұсыныстарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
Осындай қолдауға арналған игі шара Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде өтті.
Кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын түзеу, күнделікті өмірде спортпен шұғылдану, арнайы дене жаттығуларымен айналысуына жағдай жасау мақсатында, ҚР Қорғаныс Министрлігінің спорт комитеті-орталық спорт клубына қатысуға арнайы сертификаттарды филиал төрағасы Айнақұлова Данагүл табыстады.
Бір ұтымдылығы осы спорт кешені Архив Президенті ғимаратынан алыс емес.
Өйткені қашанда” Тәні саудың- жаны сау” деп, дана қазақ бекер айтпаған. Себебі арнайы дене жаттығуымен айналысқан адамның көңіл күйі көтеріңкі, жұмыс кезінде сергек жүретіні кімге де болса, белгілі жағдай.
“Лайықты еңбек жылы” аясында өткізілген осы шараға қызметкерлер де ризашылығын білдірді.