Шымкентте «Музей-халық қазынасы» атты іс-шара өтті

Шымкентте «Музей-халық қазынасы» атты іс-шара өтті

21.05.2024 Off By Администрация сайта

«18 мамыр – халықаралық музей күніне» орай, Шымкент қаласының ашық аспанындағы «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Халықаралық музей күні» мерекесі аясында «Музей-халық қазынасы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шарада кәсіподақ төрайымы Сыпатаева Күнсұлу Балқыбекқызы мекеменің бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.

Атап айтқанда, «Шым қала тарихи-мәдени кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері: Ералы Арайлым Бахтиярқызы, Тойшыбекова Роза Оспанбекқызы, Балабаев Ғани Әлиханұлы, Пушенов Шохан Құдайбергенұлы, Бекпейісова Азия Сақтанқызы, Исмаилов Бақыт Керімбайұлы марапатталды.
Іс-шара барысында келген қонақтар «Жұлдызды гид» жобасы аясында кешен аумағы бойынша экскурсия жасап, ашық аспан астындағы «Ұлы дала таңы» атты тарихи кино көріп, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы қазақ халық оркестрінің өнерін тамашалады.

Осылай тарихқа терең шолу жасаған қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.