Елордалық кәсіподақ филиалы Атқару комитетінің отырысын өткізді
15.05.2024Бүгін 15 мамырда «Қызмет» салалық кәсіподағы Астана қаласы бойынша филиалының Атқару комитетінің отырысы өтті.
Қазіргі жағдай туралы Астана қалалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов баяндама жасады.
Іс-шара барысында Атқару комитетінің мүшелері пікір алмасып, бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының Атқару комитетінің құрамы туралы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілері күнін мерекелеуге байланысты филиалдың кәсіподақ мүшелерін көтермелеу туралы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілері күні мен Астана күні қарсаңында іс-шаралар өткізу туралы мәселелер қаралды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.