Батыр рухына тағзым етілді!

Батыр рухына тағзым етілді!

10.05.2024 Off By Администрация сайта


«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының және филиал жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері жерлес батырымыз Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етіп, туған жері Қобда ауданындағы Бұлақ ауылына барып қайтты.


Бүгінгі күні Әлия апамыздың кіндік қаны тамған ауылда өзі тұрған үйдің орнына кәсіпкерлердің көмегімен жаңа үй тұрғызылып, музей ашылған және батырға арналған ескерткіш бар.


Музейдің ерекшелігі басқа жерлерде қойылмаған құнды жәдігерлер мен Әлияның жақын туыстарының суреттері орналастырылған.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері Әлия ауылында орналасқан «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығымен де танысып, ерекше экспонаттарды көріп, рухани азықтанып қайтты.