Астанада «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» тақырыбында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өтті
13.04.2024
2024 жылдың 12 сәуірінде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Халықаралық еңбек ұйымымен бірге ұйымдастырған «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» тақырыбында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өтті.
Форумға 23 саладан 55 түрлі мамандық өкілі, барлығы 60-тан астам делегат, кәсіподақ жетекшілері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Халықаралық еңбек ұйымының және Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының сарапшылары, ұлттық әріптес кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және әлеуметтік әріптестер қатысты.
«Қызмет» салалық кәсіподағынан оған М.М. Сағындықова, Т.Н.Шатохина., А. А. Нұрекенова, ж. С. Ордабекова, Е. К. Спанова, Г. Ю. Түменева қатысты.
Іс-шара шеңберінде мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайту, олардың өзін-өзі танытуына және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға мүмкіндіктер жасау, әйелдер үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, жұмыс орнында кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу саласындағы тиімді шешімдер талқыланды және әзірленді.
Отырыс барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің еңбек құқықтары» атты әлеуметтік зерттеуінің тұсаукесері өтті. 2 мыңнан астам еңбекші әйел қатысқан зерттеудің авторлары әйелдердің еңбек саласындағы құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету деңгейіне, олардың әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы проблемалары мен күтулеріне талдау жасады.
Форум жұмысы барысында делегаттар кәсіпорындардағы еңбекші әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, ұжымдық шарттарда әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктерді бекіту туралы, сондай-ақ денсаулық саласындағы әйелдерді қолдау, бос уақытты ұйымдастыру, ағарту және өнімді жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар, бағдарламалар мен жобалар туралы айтып берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумына қатысушылар Қазақстанда еңбекші әйелдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдаған Қарар қабылдады.