Кәсіподақ көмектесті

Кәсіподақ көмектесті

09.04.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.


Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде облыстық филиал өкілдері үйлері су тасқынынан зардап шеккен Петропавл қаласының зейнеткерлеріне барды. Ең қатты су басқан үйлердің бірі жұмысшы ауылы ауданындағы жеке сектордың тұрғыны Чебыкина Татьяна Михайловнаға тиесілі. Гуманитарлық көмек мақсатында зардап шеккендерге азық-түлік жиынтықтары табысталды.