«Қызмет» салалық кәсіподағы барынша қол ұшын созуда

«Қызмет» салалық кәсіподағы барынша қол ұшын созуда

29.03.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы елде орын алған төтенше жағдайдан бей-жай қалмай, қолдан келгенше көмек қолын созуда.
Облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова облыстық қоғамдық кеңес құрамында апаттан зардап шеккен тұрғындар орналастырылған эвакуациялық орталықтарға барып, жағдайларымен танысып, азық-түлік апарды.


Облыстық филиалдың басқа мүшелері де зардап шегушілер мен құтқарушыларға жан-жақтан көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарына қатысып, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады, облыстық филиал қиын жағдайға тап болған өз мүшелеріне де барынша көмек көрсететін және қолдау ретінде біркүндік жалақысын аударатын болады.