«Қызмет» салалық кәсіподағы  Өзбекстан кәсіподақтарымен байланыс орнатуда

«Қызмет» салалық кәсіподағы Өзбекстан кәсіподақтарымен байланыс орнатуда

01.03.2024 Off By Администрация сайта

      29 ақпан мен 1 наурыз аралығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Орталық Кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысына қатысушылар Төраға Мирболат Жақыпов бастаған құрамында делегация Өзбекстанға барды.

Сапар бағдарламасының алғашқы күні Өзбекстанның Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Республикалық кеңесінің Төрағасы Анваржон Әбдімұхторовпен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің кәсіподақтарының қызметі туралы ақпарат алмасты.

29 акпан күні «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен Өзбекстанның Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағының арасында Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ ұйымдары арасында байланыстар орнатуға және ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, еңбекшілердің ажырамас құқықтары үшін күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат алмасу бөлігіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады. Сондай-ақ, тараптар өзекті кәсіподақ мәселелерін шешу бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, іс-шаралар мен акциялар өткізу туралы келісті.

Сондай-ақ, Өзбекстанның барлық аймақтарынан келген әріптестермен кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен одан әрі даму мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының терең тарихи тамыры бар екенін атап өтті.

«Егер біз күш-жігерімізді біріктіре алатын болсақ, біздің еңбегіміз бен ұмтылысымыз тиімді болады. Мен осы Меморандумға қол қою және оны кейіннен іске асыру кәсіподақтар қарым-қатынастарын дамытудың, еңбекшілердің құқықтарын қорғаудың, екі елдің кәсіподақтар ұйымдарының өзара іс-қимылының жаңа кезеңіне алып келетініне сенімдімін «, – деп атап өтті Мирболат Жақыпов.

Сапар барысында «Қызмет» салалық кәсіподақ өкілдері Ташкент пен Самарқандтың көрікті жерлерін аралады.

Барлық шығындарды қабылдаушы тарап өз мойнына алды. Делегацияны қарсылау және қонақжай шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жұмыс сапарының соңында тараптар өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті, өзбек әріптестер Қазақстанға келуге және қазақстандық кәсіподақ қоғамдастығының қызметімен егжей-тегжейлі танысуға шақырылды.