Әйелдердің қоғамдағы саяси белсенділігі маңызды!
02.02.2024Алматы қаласы бойынша “Қызмет” Салалық кәсіподағы филиалы төрайымы «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты кеңесінің құрамына кірді. Қоғамда әйелдердің мәртебесін, саяси белсенділігін арттыру мақсатында құрылған жаңа бірлестіктің алдағы міндеттер үлкен.

Әйелдер қанаты жұмысының тоғыз басымдықтары мынадай:
📌Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау
📌Қоғамның әл-ауқатын қолдау мақсатында психологиялық қызмет институтын дамытуға жәрдемдесу
📌Мүмкіндіктері шектеулі жандардың әлеуметтенуіне ықпал ету
📌 Әйелдердің денсаулығын және отбасы құндылықтарын нығайтуға көмектесу
📌Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесу
📌Еңбекті қорғау және өндірістегі әйелдердің қауіпсіздігі
📌 Заң жобасының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру
📌Әйелдердің қаржылық сауаттылығына және гендерлік бюджеттеуге жәрдемдесу
📌Ғылымдағы әйелдерді қолдау
“Қызмет” Салалық кәсіподағы қалалық филиалы төрағасы ретінде еңбеккер әйелдерінің еңбек құқықтарының қорғалуына, гендер мәселесі бойынша тиісті органдардың алдында мәселе көтеруге жаңа алаңда жұмыс басталып отыр.

