Еңбек адамы — ел мақтанышы

Еңбек адамы — ел мақтанышы

30.01.2024 Off By Администрация сайта

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік.«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», – деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайықты жандар. Сондай құрметке лайықты еңбек адамының бірі – Қапар Даража Ізімқызы.

Даража Ізімқызы 1962 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Октябрь қазіргі Үрмаш Түктібаев ауылында ауылында дүниеге келген, білімі арнаулы орта, мамандығы мал дәрігері. 1984-2000 жылдары Майдакөл, Ү.Түктібаев совхоздарында, Жаңаталап шаруа қожалығында, Жаңабасшылық ЖШС-де жұмысшы болып еңбек етіп, одан кейін 6 жыл мал дәрігері болып еңбек етеді. 2010 жылы мемлекеттік қызметке келіп Ақжона ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып 13 жылдан аса қызмет етіп, зейнеткерлік демалысқа шықты.   Жалпы еңбек өтілі 39 жыл.                                                                                       

Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды десек, Қапар Даража өз қызметін адалдықпен,  үлкен жауапкершілікпен   атқарған  кішіпейіл де қарапайым, ақкөңіл де көпшіл, адамгершілігі мол жан.

Атқарған адал еңбегі, еліміздің даму жолындағы қосқан үлесі үшін 2023 жылдың тамызында «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Еңбек озаты» медалімен марапатталған Даража Ізімқызы отбасында жолдасы Оңғарбай Қалдыбайұлымен бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген бақытты ана, немерелерінің бақытты әжесі.