«Қызмет» салалық кәсіподақ Атқару комитетінің отырысы өтті
26.01.2024Бүгін, 2024 жылғы 26 қаңтарда «Қызмет» салалық кәсіподақ атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қызмет» салалық кәсіподағының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Келешек»жастар кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Орталық Кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру, «Қызмет» салалық кәсіподағының жаңа наградалары және т. б. мәселелер қаралды.
Мәселелерді талқылауға кірісе отырып, салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов әріптестерімен амандасып, қатысушылардың назарын күн тәртібіне маңызды мәселелер мен міндеттер қойылғанына аударды.
Мирболат Жақыпов қатысушыларды 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған «Қызмет» кәсіподағының жұмыс жоспарымен таныстырды, сондай-ақ Орталық Кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы мәселелер қозғалды.
Қатысушылар салалық кәсіподақ басшылығына өз ұсыныстарын айтты, сондай-ақ түрлі ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.
Отырыс жұмысын аяқтай отырып, салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларға күн тәртібіне қойылған мәселелерді мүдделі талқылағаны үшін алғыс айтып, қатысушылардың назарын күн тәртібіне шығарылған барлық іс-шаралар мен мәселелер толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екендігіне аударды.
Отырыс барысында атқару комитетінің мүшелері ағымдағы жағдайды бағалау бойынша пікір алмасты. Нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.